Бала - біздің болашағымыз
«ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС-і Астана қаласы әкімдігімен бірге отырып, балалар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды.
Шарада №2 Өнер мектебінің жас өнерпаздары мен радио қызметкерлері әуезді ән шырқап, ұлттық аспапта күй орындады.
Сондай-ақ қазақ ертегілерінің кейіпкерлері (аниматорлар) балаларға қуаныш сыйлап, қонақтардың көңілін көтерді.