Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Студенттердің пәтер жалдау шығындарын мемлекет өтеуі мүмкін

Студенттердің пәтер жалдау шығындарын мемлекет өтеуі мүмкін

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын басқа қаладан келген студенттердің жатақханада тұруға жұмсалатын шығынын субсидиялау мәселесі пысықталып жатыр. Олар – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер (1 846 адам), мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар (758 адам).

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған.

«Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің деректері бойынша 2022-2023 оқу жылында жоғары оқу орындары мен колледждерде халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан шамамен 218,5 мың студент оқып жүр. Осыған байланысты үш жылдық бюджетке қосымша қажеттілік шамамен 54,7 млрд теңгені құрайды»,-деді А.Көлгінов.