Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады,  деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қала әкімі биылғы бірінші жартыжылдықтағы Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы туралы баяндады.

 Ерболат Досаевтың сөзінше, жыл соңына дейін қалаға 2 триллион теңге инвестиция тартылады деп жоспарланып отыр. 2024 жылдың басынан бері 32,7 мың жұмыс орны ашылды. Қаланың жоғарғы бөлігін сумен қамту бойынша 6 жаңа ұңғыма және 1,5 шақырым магистральдық құбыр пайдалануға берілген. Биыл 4 медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығының құрылысы және 12 емхананың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен 3,7 мың орындық 8 нысан пайдалануға беріледі. Сонымен қатар 6,4 мың орындық 10 жекеменшік мектеп ашылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін дамытуға, сондай-ақ Алматы экономикасын әртараптандыру аясында шағын және орта бизнес үлесінің өсуі есебінен кірісті одан әрі арттыруға баса назар аударуды тапсырды.

Фото: Ақорда