Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.
Ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай (92+ келі) соңғы болып рингке көтеріліп, Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтынды сыйлады. Осылайша отандастарымыз 9 алтын, 5 күміс, 6 қола иеленіп, жалпы есепте екінші орынмен жарысты қорытындылады.
Махмұд Сабырхан (54 келі), Бекзад Нұрдәулетов (86 келі), Сағындық Тоғамбай (91 келі) алтын еншілесе, Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (57 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (71 келіге дейін) және Диас Молжігітов (75 келіге дейін) күміс медаль иеленді. Ерасыл Жақпеков (80 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.
Ал кеше финалға шыққан бес боксшы қыз алтын алған еді. Әйелдер құрамасының тағы бес спортшысы қола жүлде иеленді.
Дереккөз: qazaqstan.tv