Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанның егемендігі өзгермейді – Конституциялық реформа

Қазақстанның егемендігі өзгермейді – Конституциялық реформа

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасы бойынша Президент елдің азаттығына қалай кепіл болатынын айтты.

- 23-баптың 6-тармағында Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұғуды насихаттауға жол берілмейтіні бөлек норма ретінде айқындалған. 46-баптың 17-тармағында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына тікелей қатер төнсе, Президенттің тиісті шешімдер қабылдауға құқығы бар екені айтылған, - деді Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, жаңа Конституцияның жобасында егемендік сөзі 6 рет кездеседі.

- 2-баптың 2-тармағында Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды деген бұлтартпас норма бар. Осы баптың 6-тармағында Қазақстан Республикасының егемендігі өзгермейді деп дәл көрсетілген. Ал 4-баптың 1- тармағы мынандай формада айғақталған: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі – Қазақстан халқы». Егемендіктің иесі халық екені Конституцияда тұңғыш рет айқындалып отыр. Қазір қолданыстағы Ата заңда мұндай ұғым, түсінік, формулировка жоқ, - деді Мемлекеттік кеңесші.


Фото: qazaqparat