Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бас прокуратура Telegram пайдаланушыларына ескерту жасады

Бас прокуратура Telegram пайдаланушыларына ескерту жасады

Бас прокуратура Telegram пайдаланушыларына ескерту жасады

Бас прокуратура Telegram аккаунттарын бұзудың жаңа схемасы туралы ескертеді. Қадағалау органы өз аккаунтыңызды қалай қорғауға болатынын және алаяқтардың құрығына түспеу жолдарын айтып берді

Шетелдік дереккөздердің мәліметінше, қаскөйлер қолданушыларға Telegram-ның ресми қолдау қызметінің атынан жалған хабарламалар жібереді. Хабарламада есептік жазбаны жою туралы сұраныс түскені, ал одан бас тарту үшін шұғыл түрде арнайы батырманы басу қажеттігі айтылған.

"Шын мәнінде, аккаунтты жоюдан бас тарту процедурасы мүлдем жоқ. Кодты енгізу арқылы қолданушы алаяқтарға өз есептік жазбасына кіруге өз еркімен мүмкіндік береді. Мынаны есте сақтау маңызды: Telegram-ның ресми қолдау қызметі қолданушылардан бөгде боттар немесе күдікті сілтемелер арқылы аккаунтқа кіру үшін растау кодтарын, парольдерді және өзге де деректерді сұрамайды", - деп ескертті қадағалау органы.
"Әдетте, алаяқтар қолданушының уақытын шектеп, жоюды тек 24 сағат ішінде тоқтатуға болатынын хабарлайды. Сонымен қатар көрсетілген мерзім өткеннен кейін аккаунт, хат-хабарлар, файлдар мен контактілер қайта қалпына келтірілмейтіндей болып жойылатынын ескертеді", - деп хабарлады Бас прокуратура.
Іс жүзінде бұл схема психологиялық қысымға негізделген: қаскөйлер қолданушының аккаунтқа қолжетімділікті жоғалтып алу қорқынышына сүйеніп, оны асықтыруға тырысады.
Батырманы басқаннан кейін қолданушы Telegram-ботқа немесе жалған сайтқа бағытталады, онда одан SMS-тен немесе мессенджер хабарламасынан келген растау кодын енгізу сұралады.
Аккаунтты бақылауына алған алаяқтар хат-хабарларды оқи алады, дербес деректерге қол жеткізеді, иесінің атынан хабарламалар таратады, оның контактілеріне ақша аудару туралы өтініштермен жүгінеді, сондай-ақ аккаунтты келесі алаяқтық шабуылдар үшін пайдалана алады.
Бас прокуратура алаяқтық хабарламаның негізгі белгілерін атады:
жіберуші өзін қолдау қызметі ретінде таныстырады, бірақ оның ресми расталған мәртебесі жоқ;
хабарламада сілтеме бойынша шұғыл өту немесе ботты пайдалану талабы болады;
қолданушыдан SMS-тен немесе Telegram-нан келген растау кодын енгізу сұралады;
шұғыл әрекет ету қажеттілігі мен аккаунттан айырылу қаупі туралы сезім туғызады;
жіберушінің аккаунты жақында ашылған, атын ауыстырған немесе күмәнді белгілері бар;
хабарлама мәтінінде қалыптан тыс тұжырымдар, қателер немесе күдікті сілтемелер кездеседі.
Аккаунтты қорғау үшін мыналар ұсынылады:
растау кодтары мен парольдерді ешкімге айтпау;
күдікті хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу;
Telegram деректерін бөгде сайттар мен боттарға енгізбеу;
қосымша баптауларында екі кезеңдік аутентификацияны қосу;
"Құрылғылар" бөлімінде белсенді сеанстарды жүйелі түрде тексеріп тұру;
беймәлім немесе күдікті қосылымдарды тоқтату;
ақпаратты тек ресми баптаулар мен Telegram арналары арқылы алу.
"Алаяқтар адамның қорқынышы мен асығыстығына сенім артады. Сабыр сақтаңыз: бірнеше минуттық тексеру аккаунтты, жеке деректерді жоғалтудан және жақындарыңыз бен таныстарыңызға келуі мүмкін зияннан сақтайды", - деп толықтырды Бас прокуратура.

Фото.: depositphotos.com