Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда "Найза-Антитеррор-2026" оқу-жаттығулары басталды

Қазақстанда

Қазақстанда "Найза-Антитеррор-2026" оқу-жаттығулары басталды

Қазақстанда маусым айында ауқымды антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді.

Қазақстанда 5-30 маусым аралығында «Найза-Антитеррор-2026» республикалық антитеррорлық оқу-жаттығулары өтеді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы Антитеррорлық орталық үйлестіруімен ұйымдастырылады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу-жаттығулар барысында терроризмге қарсы іс-қимыл тетіктері пысықталып, мемлекеттік органдар мен күштік құрылымдардың өзара іс-қимылы тексеріледі.
Осыған байланысты еліміздің жекелеген өңірлерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Құзырлы органдар азаматтарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.
Сондай-ақ тұрғындарға оқу-жаттығулар кезінде сабыр сақтап, енгізілген уақытша шектеулерге түсіністікпен қарау ұсынылды.
«Найза-Антитеррор-2026» оқу-жаттығуларының мақсаты – терроризмге қарсы іс-қимыл жүйесінің дайындығын арттыру және ықтимал қауіп-қатерлерге ден қою механизмдерін жетілдіру.