Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда ем алуға 80 мың шетелдік келген

Қазақстанда ем алуға 80 мың шетелдік келген

Қазақстанда ем алуға 80 мың шетелдік келген

Саланың өсуіне ықпал ететін перспективалы бағыттардың – бірі медициналық туризм. Мұндағы ұсынылатын қызметтердің сапасы жоғары және бағасы қолжетімді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

Оның мәліметінше, бүгінгі таңда 10 отандық медициналық ұйым JCI халықаралық аккредитациясына ие. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Медициналық туризмді дамытудың 2026-2028 жылдарға арналған жол картасы әзірленуде.

Еліміздегі тағы бір бірегей туристік өнім – Байқоңыр кешені, ол – әлемдегі алғашқы және ірі ғарыш айлағы. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Байқоңыр кешенінде туризмді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді.

"Тұжырымдаманы жүзеге асыру шеңберінде шетелдік туристерге рұқсат алу мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл кешеннің қолжетімділігін арттырып, туроператорларға зымыран ұшыруды көруге апару бағдарламалары мен ұшулар арасындағы бағдарламаларды дамытуға мүмкіндік берді. Қазақстанға кейін қайтарылған Гагарин ұшқан алаң, монтаждап орнату және жанармай құю кешені мен динамикалық сынақтар стенді жоғары туристік әлеуетке ие, – деді Ербол Мырзабосынов."

Өңірде 2025 жылдың желтоқсанында бекітілген туристерді тартуға бағытталған ірі іс-шаралар күнтізбесіне ерекше назар аударылып отыр. Бүгінгі таңда жоспарланған 55 іс-шараның 17-сі өткізілді, ал келушілердің жалпы саны 150 мың адамнан асты.


Фото: BAQ.KZ архиві