Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бекболат Молдабеков ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Бекболат Молдабеков ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Бекболат Молдабеков ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Бекболат Серікұлы Молдабеков ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды

Бекболат Молдабеков бұрын атқарған қызметінен босатылды.
1991 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін бітірген.
Еңбек жолын «Элит Құрылыс Строй» ЖШС-да инженер-бағдарламашы болып бастаған.
2014–2016 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті басқармасының бас сарапшысы.
2016–2018 жылдары — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, орынбасары.
2018–2019 жылдары — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің цифрландыру департаменті директорының орынбасары.
2019–2022 жылдары — Цифрландыру департаменті директорының орынбасары, директоры, Цифрлық трансформация департаментінің директоры, Цифрлық шешімдер департаментінің директоры, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары.
2022 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР әділет вице-министрі қызметін атқарды.
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі