Алтын сырға, жез түйме
Алтын сырға, жез түйме
халық әні
Жібек шашың желкілдер тарағанда,
Жорға сұлу көрінер жарағанда.
Бәтима, алтын сырға, жез түйме.
Жерден алтын тапқандай қуанамын,
Езу тартып кұлімдеп қарағанда.
Бәтима, алтын сырға, жез түйме.
Сырғалым,
Ән айтайық ырғалып.
Кескен ағаш қалады жеңдей болып,
Қара нөсер қалады селдей болып,
Құрбым-ау, сізді ойлап жүрдім-ай.
Ауылың алыс кеткенде, беу, қарағым,
Кім көрінер көзіме сендей болып.
Бәтима, алтын сырға, жез түйме,
Сырғалым,
Ән айтайық, ырғалып.
Бәтима, алтын сырға, жез түйме,
Әнім-ай, әттең сенің сәнің-ай.