Арба келеді
Арба келеді
халық әні
Арба дедім ендеше, арба дедім,
Арбаменен талай жер барған едім.
Құрбы-құрдас достардың арасында,
Осы әніме құбылта салған едім.
Қайырмасы:
Қара жолмен сықырлап арба келеді (2рет)
Сары беткей ендеше, сары беткей,
Таулы жердің жатады қары кетпей.
Жас кездіңде құрбым-ау, ойна да күл,
Алақандай бетіңнің әрі кетпей.