Асыл қарға
Асыл қарға
халық әні
1. Көзіңнің айналайын жанарынан,
Сөзіңнің қуанамын хабарынан.
Жер басып бұл дүниеде жүре алмаспын,
Айырылсам, сендей қалқам, қарағымнан.
Қайырмасы: Сүйгенім жалғыз өзіңсің,
Шамшырақ екі көзімсің.
Иә деші жан қалқам,
Көңілім өсіп семірсін.
2. Көзіңнен айналайын от секілді,
Кінәсі ғашықтықтың жоқ секілді.
Қарасам ту сыртыңнан еш мінің жоқ,
Садаққа жонып салған оқ секілді
3. Көзіңнен айналайын сәулеленген,
Сәулеңді көрген адам әуреленген.
Ақылың ұшан-теңіз асыл жансың,
Артық жан болар ма екен бір өзіңнен