Екі жирен (1-түрі)
Екі жирен (1-түрі)
халық әні
Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,
Аулыңа барушы едім даламенен.
Түскенде сен есіме, беу қарағым,
Сағынып сарғаямын санаменен.
Қайырмасы:
Екі жирен, жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген.
Көзімнің жанарындай сәулем едің
Көңілімнің қуанышты дәурені едің
Келмейді келсем кеткім еш қасыңнан
Басымды не сиқырмен әуреледің.
Қайырмасы: