Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Еркем-ай(4-түрі)

Еркем-ай(4-түрі)

халық әні

Айт дегенде өлеңді аңыраймын,

Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын, еркем-ай,

Бүгін болған мереке,

Болсын тағы ертең-ай.

Қайда жүрсем жақсының жанындамын,

Іздегенмен жаманға табылмаймын, еркем-ай,

Бүгін болған мереке,

Болсын тағы ертең-ай.

Әншілердің серігі домбыра ма,

 Тарта берсең домбыра болдыра ма,

Бүгін болған мереке,

Болсын тағы ертең-ай.

Домбыраны баппенен қолға алып,

Шарықтата әнге сал оң бұра да еркем-ай,

Бүгін болған мереке,

Болсын тағы ертең-ай.

Еркем- ай бүгінгі болған мерекең,

Болсын тағы, тағы, тағы ертең-ай.