Жайдарман
Жайдарман
халық әні
Жаз күніндей жайнаған, жайдарманым,
Аңсап келдім алыстан, ғашық жарым.
Жайдарман, жақын кел,
Жан-жар етем, қолың бер.
Сүйген жарға сүйсінтіп, тыңдатам деп,
Әдейі арнап әкелген , әдемі әнім.
Жайдарман, жақын кел,
Жан-жар етем, қолың бер.
Алыс кетсем артымда әнім қалсын,
Сүйген жарым, жайдарман, шырқап салсын.
Жайдарман, жақын кел,
Жан-жар етем, қолың бер.
Ауылым шалғай кеткенде жайдарманым,
Құлағыңа құмығып даусым барсын.
Жайдарман, жақын кел,
Жан-жар етем, қолың бер.
Көрінесің жайдарман егіндей боп,
Жаңа шыққан егіннің көгіндей боп.
Жайдарман, жақын кел,
Жан-жар етем, қолың бер.
Ауылым шалғай кеткенде, жайдарманым,
Жан көрінбес көзіме өзіңдей боп.
Жайдарман, жақын кел,
Жан-жар етем, қолың бер.