Жиырма бес (2-түрі)
Жиырма бес (2-түрі)
халық әні
Келді кезім айтар сөз,
Қызды ауылдың сыртынан.
Қылаң еткен жиырма бес.
Тастан қашқан түлкідей,
Сылаң еткен жиырма бес.
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінген жиырма бес.
Күрек тісін ақситып,
Сұлуды құшқан жиырма бес.
Қызды көрсе қиқайып,
Құлай бір кеткен жиырма бес.
Күрек тісін ақситып,
Сұлуды құшқан жырма бес.
Төрде отырған қыздарды,
Қымсындырған жиырма бес.
Есіктегі қыздарды,
Ұмсындырған жиырма бес.
Суға барған жеңгесін,
Ұстай алған жиырма бес.
Жеңге қалың қалай деп,
Қыстай, бір, қалған жиырма бес.
Бесіктегі баладан,
Алғыс алған жиырма бес.
Төрде отырған кемпірден,
Қарғыс алған жиырма бес.
Іздесең де табылмас,
Өтті-ау, кетті-ау жиырма бес.
Іздесең де табылмас,
Өтті-ай, кетті-ай жиырма бес.