Ой, қарағай
Ой, қарағай
халық әні
Дүние өтеріңде сынаптайсың,
Таулардан жылжып аққан бұлақтайсың.
Ой, қарағай,
Жастық өтіп барады-ай,
Кәрілік келді жағалай.
Басынан талай ердің аттай теуіп,
Сұм жалған, қайда барып тұрақтайсың.
Ой, қарағай,
Шауып өткен марал-ай,
Жастық өтіп барады-ай.
Дүние қудым сені жалықпай-ақ,
Судағы ұстатпайсың балықтай-ақ.
Ой, қарағай,
Шауып өткен марал-ай,
Жастық өтіп барады-ай.
Біреуге мал мен бақты қатар беріп,
Біреуді қойдың, құдай, жарытпай-ақ.
Ой, қарағай,
Жастық өтіп барады-ай,
Кәрілік келді жағалай.
Ой, қарағай,
Шауып өткен марал-ай,
Жастық өтіп барады-ай.