Ақбидай 1
Ақ бидай (1-түрі)
халық әні
Айналайын қарағым, асыл туған, Ақбидай
Қызыл шайы жібекпен белін буған, Ақбидай.
қ/с
Ғашық жар, сәулем-ай
Қос перизат қосылса жараспай ма, Ақбидай.
Ақ балапан секілді тұйғын болған, Ақбидай.
қ/с
Ғашық жар, сәулем-ай
Жалғыз жаным жапанда сен бір шынар, Ақбидай.
Мен ақсұңқар қонуға болған құмар, Ақбидай.
қ/с
Ғашық жар, сәулем-ай
Талай кезден арманым толып жатыр Ақбидай.
Ғашық көңілім, ей қалқам, қашан тынар, Ақбидай.
қ/с
Ғашық жар, сәулем-ай