Ақ қаз едің, дариға-ай
Ақ қаз едің, дариға-ай
халық әні
Егіндей боп, ендеше егіндей боп,
Жайқаласың егіннің көгіндей боп, әгугәй.
Аулың алыс кеткенде-ау, беу қарағым
Кім көрінер көзіме өзіңдей боп, әйугәй.
Угәй-угәй, әй угәй, ақ қаз едің, дариға-ай.
Меңдей болып, ендеше меңдей болып,
Кескен қайың қалады-ау жеңдей болып, әйугәй.
Аулың алыс кеткенде, беу қарағым
Кім көрінер көзіме сендей болып, әйугәй.
Угәй-угәй, әй угәй, ақ қаз едің, дариға-ай.