Ақ қайың
Ақ қайың
халық әні
Биік таудың басында қос қараған,
Дәрия толқып сол көлден су тараған, ақ қайың.
Әсем жігіт, сұлу қыз, бәрі сонда,
Неге келдім япірім-ай, сол арадан.
Ортасынан дәрияның қайық өтер,
Дәл баспасаң аяғың тайып кетер, ақ қайың.
Жақсы екен деп жаманға сырыңды айтсаң,
Ел шетіне жетпей-ақ жайып кетер, ақ қайың.