Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM
ЕРНҰР КӨШЕРХАНҰЛЫ БУРАХАН

ЕРНҰР КӨШЕРХАНҰЛЫ БУРАХАН

Бурахан Ернұр Көшерханұлы 1981 жылы дүниеге келген.



Жоғары білімді. Еңбек жолын телевизия саласынан бастаған.



2001-2008 жылдары телеарнада редактор, бас редактор болып еңбек етті.



2007-2010 жылдары "Қазақстан" ұлттық арнасының елордадағы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында комментатор, редактор, шеф-редактор болып қызмет етті.



Ұлттық арнаның қорытынды жаңалықтарын жүргізді. Бірнеше авторлық бағдарламалары көрерменге таныс. "Мемлекет", "Парламент" сараптамалық бағдарламаларын, "Сіз бен Біз" ток-шоуын жүргізді.



Мемлекеттік қызметте де тәжірибе жинақтады. Әр жылдары облыс әкімінің баспасөз хатшысы, бас инспектор, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, "Самұрық қазына жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамының және Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы болып еңбек етті.



2015 - 2017 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары болды.



2017 жылдың 27 қаңтарынан бастап "Қазақстан" РТРК АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры.



2019 жылдың 25 қарашасынан «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» серіктестігінің Бас директоры қызметінде.