Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Е. Жұрынбаев: Орта ғасырлық Сауран, Яссы, Сарайшық қалашықтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Е. Жұрынбаев: Орта ғасырлық Сауран, Яссы, Сарайшық қалашықтарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

"Шалқар шаңырағында" бағдарламасына ҚР мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев қатысты.

Хабарда студия қонағы мәдениет және спорт саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды.

"Ұлттық маңызы бар 256 объекті және жергілікті маңызы бар 570 объекті қалыптастырылды. Биыл 2020 жылы тарихи және мәдени ескерткіштердің қалыпына келтіру жұмыстары үш жарым есеге көбейіп отыр. Мысалы,Түркістан тарихи орталығын қайта жаңғырту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қожа-Ахмет Яссауи кесенесі орналасқан қалашықты қалпына келтіру жоспары әзірленуде. Орта ғасырлық Сауран, Яссы, Сарайшық, Баласағұн және Бозақ қалашықарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, визит орталықтарын құру жоспарланып бар. Еліміздің мәртебесін көтеретін, тұлғаларды дәріптейтін кинолар түсіріліп жатыр. Қуантарлық жәйт – елордамыздағы Ұлттық музей мен Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музей ТМД елдерінің ішіндегі ең үздік бестікке кірді. Оқушылар мен студенттерге арналған тарихи-мәдени мұра объектілерін және мәдени ұйымдарына баруды үйлестіру орталығы құрылды. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша Әліпбидің 40 жобасы ұсынылуда, әр жоба толық зерттелді. Ашық республикалық талқылаулар мен ғылыми сараптама жұмыстары жүргізілді" -деді студия қонағы.

Танымдық қызықты сұхбатты толығымен бағдарламаның аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Бағдарлама жүргізушісі Ләззат Тиышбекқызы.