Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Нұржігіт Құлбарақов: "Айналайын" ансамблі 97 жылы буын биін билеп, "Славян базарын" бағындырған еді

"Шалқар шаңырағына" ҚР мәдениет қайраткері, дизайнер, Халықаралық "Азия дауысы" фестивалі мен Республикалық "Жас қанат" байқауының қоюшы-режиссер, хореографы "Айналайын", "Нұр" би ансамблінің көркемдік жетекшісі Нұржігіт Құлбарақов қатысты.

Сұхбат барысында қазақ биінің бүгінгі жәй-күйіне қатысты ойын білдіріп, бүгінде ұлдардың да биге қызығушылығы артып келе жатқандығын айтты.

"Ал жеке solo орындаушыны дайындауға ұмтылмағанымның себебі – мен балаларымды бір-бірінен бөле жармадым, барлығына тең қарадым. Сондықтан топтық би қоюға тырыстым және ең бастысы киім үлгісін ойластырғанда ұлттық оюға аса ден қойып, салт-дәстүрді ұстануға тырыстым. Мысалы, бас киімге арналған оюды комзолға немесе аяқ киімге орналастырадым. Би қойылымдары да ұлттық болмысты көрсететін туынды боп шыққан соң кезінде Мұрат Ерғалиевтің көзіне түсті деп ойлаймын. Қазір шәкірттерімнің алды 35-ке келді, тұрмыстағы бірнеше баланың анасы болды. Олардан немере сүйіп, сол кішкентай бөбектерді де тәрбиелеудемін",- деп ағынан жарылды Нұржігіт Құлбарақов.

Сұхбатты толығырақ бағдарламаның аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Эфирге дайындап, жүргізген жүргізушісі Ләззат Тиышбекқызы.