Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

"Елбасы медалі" жобасы жастарға серпін береді

Білімді, саналы, дарынды жастарға қолдау көрсетіп, ынталандыру мақсатында өткен жылы бастау алған "Елбасы медалі" бағдарламасы өскелең ұрпақтың болашаққа дұрыс бағдарды ұстануына түрткі болып отыр. Мәртебелі медальдың иегері атану үшін қойылатын талап та үлкен. Үміткер ең бастысы, саламатты өмір салтын ұстанып, өзін-өзі дамытуға ынталы болуы керек. Биыл осы бағдарлама аясында 10 мыңнан астам жас үздік атану үшін өзара бәсекеге түсуге өтінім білдірген. Жоба қорытындысы бойынша жеңімпаздар осы желтоқсан айында марапатталады.

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай жастарға серпін берген ерекше жобаның талаптары мен үміткер таланттар туралы білгіңіз келсе, "Елбасы медалі" жобасының тəлімгері Əйгерім Ағзамқызы Дəуталиевамен құрған сұхбатты тыңдаңыздар.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

Сұхбаттасқан журналист Бағдагүл Рахметқызы.