Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Елбасының «Отан ана» жаңа әнінің тұсауы кесілді

Елбасының «Отан ана» жаңа әнінің тұсауы кесілді

«Өнеге» хабарына Мемлекеттік Астана опера театрының жетекші солисті, ҚР еңбек сіңірген қайрткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Париждегі "Гранд Операда" өнер көрсеткен тұңғыш Қазақстандық әнші Майра Мұхамедқызы қатысты.

Керемет орындаушылық шеберлігімен қоса табиғат берген ажары мен өнері астасқан дарынды әнші қазақ жұртшылығын 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президент күнімен және алда келе жатқан еліміздің басты мерекесі - ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың авторлық «Отан ана» деген жаңа әнінің тұсауын кесіп, радиотыңдаушыларға ұсынды.

Сұхбат барысында ұлттық тәрбие жөнінде де әңгіме өрбітекен студия қонағы өзінің балалық шағына саяхат жасап, еркін әрі ерке өскен халық әртісінің қызы болғандығын және сол тәрбиені қазір Аида қызына беріп, бетінен қақпай, ақылмен өсіріп жатқандықтары туралы әңгімеледі.

Сиясы кеппеген «Жаңа жыл» әнімен бірге Майра Мұхамедқызының орындауындағы Қайрат Қалмұхамедтың сөзіне жазылған Қажымұрат Шешенқұлұлының «Нұр аға» атты жаңа әні және сұхбатын бағдарламаның аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.