Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Үмітхан Дауренбекқызы: 2021 жылды «Балалар әдебиеті жылы» деп атадық

Үмітхан Дауренбекқызы: 2021 жылды «Балалар әдебиеті жылы» деп атадық

"Шалқар шаңырағында" ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, ф.ғ кандидаты, профессор, "Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталының «Жыл адамы-2020» байқауының жеңімпазы, "Жыл кітапханашысы" ‐ Үмітхан Дауренбекқызы Мұңалбаева қонақта болды.

Үмітхан Мұңалбаеваның бастамасымен 2020 жылы көптеген ірі мәдени шаралар жүзеге асты. Соның ішінде Прагада, Мысырда, Абу-Дабиде және Санкт-Петербургте «Абай» ақпараттық-мәдени орталықтарының ашылуы – қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына үлес қосуға, шет елдердегі ақын мұраларын кеңінен насихаттауға арналған.

Кітапхана пандемия кезінде зиялы қауым өкілдерімен онлайн кездесулер, халықаралық деңгейдегі конференциялар өткізіп, оқырмандардың үдесінен шыға білді. Сонымен қатар, балалар әдебиетін дамыту бағытында да келелі істер атқарылды. Жаңа 2021 жыл – «Балалар әдебиеті жылы» деп аталды.

Бағдарламаның толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.