Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Жазушы, ақын Нұржан Қуантайұлына арналған онлайн конференция өтеді.

Жазушы, ақын Нұржан Қуантайұлына арналған  онлайн конференция өтеді.

Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22-қаңтары күні сағат 11:00-де халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы, ақын, публицист, ғалым, ұстаз, ф.ғ.к., доцент Нұржан Қуантайұлының 50 жасқа толуына арналған «Баспа ісі және әдеби үдеріс: жазушы – редактор – оқырман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтеді.

 Сонымен қатар Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы конференция аясында жинақ әзірлейді. Жинақтың тақырыптары төмендегідей үш секциядан тұрады:

1-секция: Нұржан Қуантайұлы – жазушы, ақын, публицист, ғалым, ұстаз;

2-секция: Қазіргі әдеби процесс: мәтін, тұлға, тенденция;

3-секция: БАҚ және баспа ісі: ізденістер мен мүмкіндіктер.

Жариялауға қойылатын талаптар:

1. Мақала мәтіні 5 беттен аспайтын көлемде және MS Word бағдарламасында дайындалуы керек.

2. Парақтың параметрлері: барлық шеттері 2 см

3. Шрифт: Times New Roman, Kz Times New Roman, өлшемі-14.

4. Жоларалық интервал - 1. Параграф: 1,25 см.

5. Сілтемелерді пайдалану арқылы дереккөзді анықтауыңыз керек. Сілтемелер мәтіннің соңында үлгі ережелеріне сәйкес жасалуы керек. Мәтінде әдебиеттерге сілтемелер сілтеме тәртібінде нөмірленуге сәйкес «шаршы» жақшаға ілінуі керек. Мысалы: [1, 17].

 Мақаланың (баяндаманың) электронды нұсқасын gulzhayna.sayakbayeva@gmail.com электронды поштасына жіберу керек.