Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

ҚР Қарулы Күштерінің әскери-патриоттық орталығына 5 жыл

"Шалқар шаңырағына" ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің солисттері, дәстүрлі әнші Ырысты Сүлейменова, танымал эстрада әнші Бауыржан Нұрымбетов, кең дауысты, классикалық бағыттағы әнші Дәурен Төлеубаев және танымал күйші Бақытбек Қайралапов қатысты.


Сұхбат барысында студия қонақтары ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ансамблінің бүгінгі жай-күйі мен биыл 5 жылдығын атап өткелі отырған орталықтың тыныс-тіршілігінен хабардар етті.

Әскери орталықтың құрамындағы әскери шені бар солисттер өнер адамы болғанымен, тәртіпке бағынатын әскери азамат екендіктерін айтады.

Радиотыңдаушылардың сұрауы бойынша Ырысты Сүлейменова «Ертарғын» жырындағы Сыпыра жыраудың термесін, Бақытбек Қайралапов Құрманғазының «Ақсақ киік» күйін, ал Қайрат Жүнісовтың «Егемен Қазақстан» әнін Дәурен Төлеубаев орындады. Бағдарлама барысында Бауыржан Нұрымбетовтың орындауындағы Равиль Отарбаевтың жаңа «Қазақ ерлері» әннің тұсауы кесілді.

Толық ақпарат төменде аудионұсқада.

Хабарды эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.