Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Бағдат Сәмединова: Өнерлі, өресі жоғары ұрпақ тәрбиелеу – басты парыз

«Өнеге» хабарына ҚР еңбек сіңірген әртісі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, әнші Бағдат Сәмединова қатысты.

Қазақ музыкасының ұлттық бояуын сездіретін, әрдайым тыңдаушының жүрегінен ерекше орын алатын әнші  онлайн дәрістері қалай өтетіндігі туралы ойын ортаға салып, өзінің жеке меншік өнер мектебіндегі шәкірттерінің алды республикалық деңгейдегі түрлі байқаулардың алдын бермей, үздіктер қатарынан көрініп жатқандығы туралы мақтанышпен әңгімеледі.

"Жалпы ата-аналар балаларын түрлі бағытта білім беретін көркем өнерпаздар үйірмелеріне бергені дұрыс. Балалардың бос уақыты болмауы керек, себебі бала кезде алған білім оның қалыптасуына, зиялы, өнерлі, өресі жоғары болуына септігін тигізеді. Егер бос уақыты көп болса, балалар ермегін ғаламтордан іздейді, ғаламторда жақсы да, жаман да ақпарат бар дегендей... Бала оны қайдан білсін?! Сондықтан балаға тәрбиемен бірге жан-жақты білім беру керек. Әнші, өнер адамы болуы мақсат болмаса да, өмірге басқа көзқараспен қарайтын мәдениетті, тәрбиелі, өнерлі болып өсуі керек",- дейді студия қонағы.

Ұлттық өнеріміздің өсіп, өркендеуіне өзіндік үнімен, қолтаңбасымен үлес қосып келе жатқан белгілі әнші Бағдат Сәмединовамен болған сырлы сұхбатты төменде  аудио нұсқадан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.