Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Майра Дәулетбақ: Жанды дауыспен орындау біз үшін қиындық туғызбайды

Майра Дәулетбақ: Жанды дауыспен орындау біз үшін қиындық туғызбайды

"Шалқар шаңырағына" ҚР еңбек сіңірген қайраткері, көптеген халықаралық және республикалық ән байқауларының лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, әнші, ұстаз Майра Дәулетбақ пен Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінде вокал пәнінен дәріс беретін оқытушы, әнші Нұрлыбек Төлепберген қатысып, оқу жылына қатысты, онлайн оқыту жүйесі, жастардың беталысы туралы пікірін білдірді. Әлеуметтік желіде белсенділік таныстпаса да, кері байланыс орната білетін студия қонақтары ҚР Парламенті әншілердің фонограммамен ән айтуына тыйым салатын заң жобасын мақұлдағандығына қатысты өз пікірін білдірді.

Майра Дәулетбақ: «Нағыз әншілердің іріктелетін кезі келгендей, бірақ кей жағдайда стадиондар мен алаңдардағы ірі концерттерде және түрлі тележобаларда фонограмма қолданылуы орынды. Ал, басқа жағдайда әнші болғасын әрине, жанды дауыспен ән салғанға не жетсін?! Талай жылғы тәжірибе бар, түрлі республикалық, халықаралық ән байқауларының жеңімпазы болған бізбен қатарлас замандастарымыз кезінде көркемдік кеңестің қатаң сынынан өткендіктен бе, жанды дауыспен орындау біз үшін қиныдық туғызбайды»   

 Көзі қарақты көрермен Майра Дәулетбақованы жақсы біледі, қалың көрерменнің, тыңдаушының жүрегінен орын алған ескірмейтін әндерді орындап, кезінде Қазақстан телерадиосы арқылы танылып, қалың көрерменнің, ән сүйер қауымның жүрегінен орын алған әнші, Алматыдан қоныс аударып, астанамыз Нұр-Сұлтан қаласында тұрғанына қашан десек, осы астанада оқытушылық қызметте халқымызға қанша талантты жастарды тәрбиелеп бергені тіпті бөлек әңгіме.

Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы қазаққа Димаш Құдайбергендей талантты жастарды тәрбиелеп, Ержан Максимдай балаларды өнерге баулып, қазіргі таңда басқа да жас буынды оқытып жүр. Ал, бүгін "Шалқар шаңырағына" келген Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінде вокал пәнінің оқытушысы Төлепберген Нұрлыбек Мәлікұлы да, Майра Дәулетбақты менторы ретінде, үлгі алар, жол нұсқаушы, ұстазындай көреді.

Қызықты сұхбатты аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Бағдаралама жүргізушісі Ләззат Тиышбекқызы.