Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Ұлттық музейде халықаралық ретроспективті көрме ашылды

Ұлттық музейде халықаралық ретроспективті көрме ашылды

"Шалқар шаңырағына" ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, профессор, ҚР дизайн академиясының төрағасы, академик Ермек Асылханов  пен ҚР Ұлттық дизайн академиясының академигі, еліміздің құрметті құрылысшы Сәрсенбай Жасағанберген, ҚР Ұлттық дизайн академиясының академигі, құрметті дизайнер Есенғали Ахметов қатысып, сүбелі сұхбат берді.

"Биыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Осы датаға байланысты Еуразиялық Дизайнерлер Одағының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық музейінде халықаралық ретроспективті көрме ашылды. Қазақстандық дизайнерлердің, суретшілердің еңбегін әлемдік нарыққа шығару, әлемдік қауымдастықта еліміздің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін таныстыру мақсатындағы бұл іс-шара – өте ауқымды, алда бірнеше ірі жоба күтіп тұр", – дейді студия меймандары.

Еуразиялық Дизайнерлер Одағының халықаралық ретроспективті көрмесі – Азиядағы бірегей көрме болып табылады. Аптаның соңына дейін жалғасатын көрме аясында Ұлттық музейде  киім дизайны, сурет, сәндік - қолданбалы өнер, мүсін, сондай-ақ зергерлік әшекейлер көрмесін көруге болады.

Сұхбаттың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны жүргізген Ләззат Тиышбекқызы.