Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Халық санағы биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді

Халық санағы биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді

Қазақстанда ұлттық халық санағы әр 10 жыл сайын өткізіліп отырады. Соңғы науқан 2009 жылы жүргізілген. Келесі санақ 2019 ж өтуі керек болатын. Алайда, санақты өткізуге байланысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді ескере отырып, оны 2020 жылы өткізу жоспарланған еді. Бірақ өздеріңіз білетіндей, пандемияға байланысты халық санағы тағы да бір жылға сырғып, Президент жанындағы Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес үлттық санақ 2021жылы жүргізілетіні туралы шешім шығарды. 

Бүгін тікелей толқында өткен хабарымызда осы тақырыпты кеңінен талқыладық. "Шалқар шаңырағына» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Нияз Жеңісұлы Көшкімбаевты шақырдық.

Хабардың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Айнұр Шамшеит.