Баян Ахатай: Ана тілімізде сөйлеу тал бесіктегі тәрбиеден
«Өнеге» хабарына «Қарашаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Баян Ахатай қатысты.
"Үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғамды дамытуға қаншалықты үлес қосып отыр?" деген сауалға жауап берген студия мейманы «Қарашаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысы туралы кеңінен айтып берді.
Қоғамда орын алған көптеген мәселелерді көтеріп жүрген белсенді, ұлт жанашыры басты назарда ана тілі мәселесі тұрғандығы, жалпы, қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін «тәрбие – тал бесіктен» екенін үмытпай, оған назар аударып, қазақ тілінде сөйлеуді әдетке, сәнге айналдыру керектігін айтты.
Сұхбаттың толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.
Бағдарламаны эфирге дайындап, жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.