Астана - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

Салтанат Мұратбекова: Ана тілінде сөйлейтін жан ғана өз елін жан-жүрегімен сүйеді

Салтанат Мұратбекова: Ана тілінде сөйлейтін жан ғана өз елін жан-жүрегімен сүйеді

"Шалқар шаңырағына" Мемлекеттік «Астана Опера» театрының солисті, халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші-актриса Салтанат Мұратбекова қатысты.

Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі дипломын қолға алғаннан кейін Италияда екі жылдық тағлымдамадан өткен, опера отаны – Италияда Марио Дель Монако мен Рената Тебальди атындағы Халықаралық әншілер академиясында білімін шыңдаған. Шетелде білім алған соң, бірден өз еліне қайтуды жөн көрген ол: «Алған білімім мен тәжірибемді өз еліме жұмсап, қызмет етумен елестеттім, басқа елде қалып қою ойыма да кірмеді. Негізі, ана тілінде сөйлейтін жан ғана өз елін бүкіл болмысымен, жан-жүрегімен жақсы көреді деп ойлаймын. Міне, сондай жандар - нағыз патриоттар. Әр адам алған тәжірибесін, өз саласы бойынша өз елінің гүлденуі үшін пайдаланса, сол игі. Мен тілге ерекше мән беремін. Тілімді, елімді бір сөзбен айтқанда, асылымды ешқашан ештеңеге алмастырмаймын» - дейді.

Еуропада оқыған Салтанат Мұратбековаға шетелдің опера театрларынан көптеген ұсыныстар, келісім шарттар, сұраныстар түскен.

«Шетелде бір партия орындап, қазіргі театрда алатын жарты жылдық айлығымды алуыма болар еді, алайда, елімді өзгешелеу сүйгендіктен өз Отанымдағы театрда еңбек етіп, өз елімде өмір сүруді жөн көрдім», - дейді ел мақтанышына айналған опера әншісі Салтанат Мұратбекова.

Бағдарламаның толық нұсқасын аудиодан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны эфирге дайындап жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.