Нұр-Сұлтан - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

«Қылықтым». Мақсат Әндешбаев

«Қылықтым». Мақсат Әндешбаев

Қалқатайым сенің қалауыңа көнсем,

Сыйлағаным емес пе?!

Әр сөзіңе сенсем пәк көңілмен,

Қимағаным емес пе?!

 

Жағдайыңды біліп, хат жазғаным,

Жұбатқаным емес пе?!

Жеңісіңе күліп шаттанғаным,

Ұнатқаным сен емес пе?!

 

Қайырмасы:

Қылықтым-ау, қылықтым,

Үлбіреген тұнықсың.

Жанарыңнан сыр ұқтым,

Қылықтым-ау, қылықтым.

 

Сүйемін деп сені ашық айтсам бәрін,

Батылдығым емес пе?!

Серігің боп қайтсам сынақтардан,

Батырлығым емес пе?!

 

Қызғанбаймын десем өзгелерден,

Алдағаным емес пе?!

Аяласам асыл арманымдай,

Таңдағаным сен емес пе?»

 

Қайырмасы:

Қылықтым-ау, қылықтым,

Үлбіреген тұнықсың.

Жанарыңнан сыр ұқтым,

Қылықтым-ау, қылықтым.