Нұр-Сұлтан - 100,4FM Алматы - 106,5FM Көкшетау - 103,7FM Ақтөбе - 105,70FM Атырау - 102,80FM Өскемен - 105,60FM Семей - 104,40FM Аягөз - 103,2FM Тараз - 102,60FM Орал - 102,70FM Қарағанды - 102,30FM Қызылорда - 101,00FM Арқалық - 101,4FM Қостанай - 107,4FM Ақтау - 102,10FM Павлодар - 106,7FM Петропавл - 104,7FM Шымкент - 102,70FM

«Наурыз парасаты» әні. «Жебе тобы»

«Наурыз парасаты» әні. «Жебе тобы»

Айналаңнан жаңа көктем лебі ескен,

Бұл кезеңде күн менен түн теңескен.

Сан ғасырлық ата-баба салтына

Көпір болған Наурыз өзің емес пе ең?!

 

Қайырмасы:

Таулы, таусыз жерімнің,

Өзен, теңіз көлімнің,

Жаса ұлы Наурызы

Жаңа жылы елімнің!

Қуат жиса пәктігің,

Асқақтайды шоқтығың.

Тамыр алмай тарихтан

Мазмұнданбас шаттығың.

 

Жүріп жатыр ерлік, ездік жарысы,

Наурыз - нағыз сәулелі ойлар қонысы.

Наурыз сайын ағаш егу, гүл егу,-

Әр адамның табиғаттық борышы.

 

Қайырмасы:

Таулы, таусыз жерімнің,

Өзен, теңіз көлімнің,

Жаса ұлы Наурызы

Жаңа жылы елімнің!

Қуат жиса пәктігің,

Асқақтайды шоқтығың.

Тамыр алмай тарихтан

Мазмұнданбас шаттығың.

 

Наурыз парқы - өз санаңды өсіру,

Пенделікті ізгілікке көшіру.

Өткен жылы өкпелесең біреуге,-

Сол өкпеңді дархандықпен кешіру.

 

Қайырмасы:

Таулы, таусыз жерімнің,

Өзен, теңіз көлімнің,

Жаса ұлы Наурызы

Жаңа жылы елімнің!

Қуат жиса пәктігің,

Асқақтайды шоқтығың.

Тамыр алмай тарихтан

Мазмұнданбас шаттығың.