Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қанат Айтбаев: «Димашты көп мақтағандардан қорқамыз»

16 желтоқсанда ҚХР-ның Чанша қаласында Димаштың жеке концерті болып өтті. Он мың адамдық зал лық толып, көрермендер көтеріңкі көңіл-күймен концертке үлкен серпін берді. Бұл кеште қазақ, ханзу, француз, ағылшын тілдеріндегі əндер шырқалды. Димаштың орындауындағы шығармаларды Қытай, Канада, Америка, Ресей, Украиналық музыканттардан құралған оркестр сүйемелдеп, бишілер билерімен өрнектеді. Кеш шымылдығы Қанат Айтбаевтың сөзіне жазылған Димаштың өзінің «Сəлем» əнімен ашылып, Ұлықпан Жолдасовтың, Асқар Дүйсенбінің сөзіне жазылған «Жұлдызым» əнімен жалғасты.
Кеште сонымен қатар, Айгүл Бажанованың «Махаббат бер маған» əнінің ханзу тіліндегі нұсқасы, Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған Димаштың «Ұмытылмас күн» əндері орындалып - тыңдармандар бірге қосылып шырқады.
Бейжің қаласынан келген шығармашылық топ замануи сахналық безендірудің, режиссерлік оңтайлы шешімдердің шеберлігін көрсете білді.
Қытай еліндегі қазақ фольклорлық триосы қытай халықтық триосымен бірлесе достық əуендерін төкті.
Димаш өзін рояльмен сүйемелдей отырып, Естайдың «Қорланын» орындады. Интернационалдық оркестрмен бірге Нұрғисаның «Əлқиссасын», Құрманғазының «Адайын» домбырамен тартты.

Димаштың жақында жазылған «Əлемде соғыс болмасын» атты төл туындысы қытай тілінде орындалып, халықты тебірентті.
Кеш бойы көрермендердің қошеметі, ықыласы ерекше болды. Концертте кроссовер, этно, классика, поп бағытындағы жалпы саны отыз бір шығарма орындалып, кеш шымылдығы Саят Əбеновтың сөзіне жазылған Димаштың өзінің «Тəтті елес» əніменен жабылды.