Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда мопед мінгендер жүргізуші куәлігін алып, сақтандыру полисін рәсімдейді

Қазақстанда мопед мінгендер жүргізуші куәлігін алып, сақтандыру полисін рәсімдейді

Қазақстанда мопед тізгіндегендер жүргізуші куәлігін алып, сақтандыру полисін рәсімдеу тиіс болады.

«Қазіргі кезде Ішкі істер министрлігі (Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленген) тиісті заң жобасының талқылауына қатысып жатыр. Құжатта мопедтерді жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті мемлекеттік органда мемлекеттік тіркеуге жататын көлік құралдарының тізбесіне енгізу ұсынылды. Сонымен қатар, мопедтерді механикалық көліктерге теңестіру, механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне қойылатын талаптарға сәйкес мопед жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттерін айқындау ескерілген», - делінген Ішкі істер министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Мұнымен қоса, мопед жүргізушілеріне «А1» санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы туралы (16 жастан бастап беріледі) талап қою ұсынылды. Бұл өз кезегінде әрбір мопедті тіркеуге және тиісінше олардың жүргізушілеріне механикалық көлік құралдарының жүргізушілері үшін қарастырылған талаптарды қоюға мүмкіндік береді. Осы ретте, жүргізуші куәлігін алу, сақтандыру полисін рәсімдеу, көлік құралына техникалық тексеру жүргізу және басқа да мәселелер шешіледі.

«Аталған заң жобасы қабылданғаннан кейін мопед жүргізушілері жолдағы көлік қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне ұқсас жауапкершілікке тартылады. Яғни мопед жүргізушісі механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне жүктелген жауапкершіліктің барлық спектрін көтереді», - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Айта кетейік, жақында Парламент Мәжілісі «Жол жүрісі туралы» Заңына жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады.

Заң жобасында қозғалтқышының көлемі 50 текше сантиметрден аз мопед сияқты көлік құралдарын тіркеу ескерілген.



Фото: kaz.inform.kz