Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Рүстем Нұржігіт: «Сазгерлікті қайта қолға алдым»

Әншілік анасынан, күйшілік әкесінен дарыған дарынды әнші Рүстем Нұржігіт Қазақ радиосындағы «Біздің Мейман» хабарында қонақта болды.
6 жыл фортепиано сыныбына барған Рүстем әкесінің аманатын орындау үшін домбыра үйірмесіне барады.

Екі ішекті музыкалық аспапты меңгеру Рүстем үшін оңай болған жоқ. Себебі, қатарынан 6 жылға қалып қойған еді. Дегенмен, күніне 8 сағатын дайындыққа жұмсап, қасиетті қара домбыраны жылдам меңгерді.

«Осы сазгерлікке жақында ғана қайтадан бас бұрып, жұмыс істеп жатырмын. Бірнеше жыл бұрын Мақпал Исабековаға, 101 тобына ән жазып бергенмін. Қазіргі сәтте Мәдина Сәдуақасоваға, Дастан Оразбековке жаңа шығармаларымды орындауға ұсындым», - дейді әнші Рүстем Нұржігіт.