Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қауын-қарбыздан қауіп бар!

Қауын-қарбыздан қауіп бар!
Қауын мен қарбыз жеуге асықпаңыз! Себебі, ерте піскен көкөністің құрамында химиялық нейтраттар көп кездеседі.

«Қыс мезгілінде ең көп таралатын дерт тұмау болса, жазғы уақытта ерте піскен жемістерден улану дерті көп орын алады», - дейді мамандар.

Жеміс-жидектерден улану жағдайы кемінде әрбір он адамның үшеуінің басында кездеседі екен. Жалпы көкөніс пен жеміс-жидектерді пайдалану мерзімі шілденің аяғы мен тамыз айының басы деп кеңес беріледі. 

Бұл туралы Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында айтылды.

«Жаз мезгілінде нитраттар қауын мен қарбызда да кездеседі. Біз мұны анықтап көрдік. Көбінесе, нитраттар қауын мен қарбыздың екі бүйірінде көп кездеседі. Қазіргі кезде сатушылар пышақпен кесіп, дәмін көрсетіп жатады. Ол дұрыс емес. Себебі, ол пышақтың қаншалықты таза екенін біз тағы да білмейміз. Сол үшін оны пышақпен кесіп алмау қажет. Қауын мен қарбызды маусым айында емес, шілде айының соңында немесе тамыз айының басында тұтынған абзал», - дейді Қазақ Өсімдік қорғау және карантин ғылыми –зерттеу институтының маманы Гүлниса Рвайдарова.
Айта кетейік, қазір піскен пестициді көп қауын-қарбыздан дәм татқан жағдайда тұтынушының дене қызуы көтеріліп, асқазан-ішек жолдары бұзылуы мүмкін.