Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әзірбайжан еліне саяхат

Әзірбайжан еліне саяхат
Қазақ радиосы «Радио саяхат» бағдарламасының қонағы – жас жиһанкез Аягөз Құрмаш Әзірбайжан еліне жасаған саяхаты жайлы айтып берді.

«Алғашқы күні хостелдан шыққаннан кейін адамдардан сұрастырып, су бұрқақтар алаңын тауып алдым. Ол жерде тамашалап болғаннан кейін ата-бабалары қалап кеткен ерекше саяхат орны Ичаришехар қаласына бардым. Сол жерде «Ширваншах» сарайын тамашаладым. Әзірбайжан елін мекендеген халықты «ширвандар» деп атаған екен. Оның ішінде музей де, мавзолей де бар. Жалпы мұндағы кешендер бір біріне жақын орналасқан. Тағы бір әдемі жерлердің бірі «Низами» көшесі. Ол еуропаланған стильде салынған. Осы көшеге қарап баршасы Бакуды еуропаға ұқсатады.

Өзіме ұнап, әсер қалдырған жер - теңіз жағалауында орналасқан саябақ. Әлемдегі ең ұзақ саябақтардың бірі. Ұзақтығы 25 шақырым. Тағы да бір айта кететін әсем орын заманауи үлгіде салынған ирактік сәулетші Заха Хадидтің туындысы Гейдар Алиев атындағы мәдени орталық.

Әзірбайжанға барған адам аш қайтпайды. Себебі, олар біз сияқты етті жақсы көреді. Әзірбайжан асханасы Түркияныкімен өте ұқсас. Пахлава, шикербура дейтін тәттілері бар. Ұлттық тағамы кутаб.

Қаражат жағынан Әзірбайжан еліне ұшып бару 73000 тенге. Екі ай бұрын алғаннан кейін маған арзан түсті. Хостелда 5 түн жату 37000 тенге. Ал, жүріп тұруыма 200000 маңайында кетті» - дейді саяхатшы.