Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қағазға қарамай картина салу мүмкін бе?

Қағазға қарамай картина салу мүмкін бе?
Елбасы кітапханасының Музейінде Халықаралық«Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, суретші Ренат Елубаевтың «Мәңгі елес» атты жеке көрмесі ашылды. Аталмыш көрме «Үкілі үміт» жастар шығармашылығын қолдауға бағытталған Кітапхана көрме жобасының аясында ұйымдастырылды.

«Мәңгі елес» көрмесінде көпшілік назарына ұсынылған туындылар импрессионизм жанрында орындалған. Бұл суреттер 2017-2018 жылдар аралығында салынған.

Бір қызығы суретші қағазға қарамай картина салуға машықтаныпты. Көрмеде қылқалам шебері тың тәсілмен салынған 40-қа жуық туындысын елордалық өнер сүйер қауымның назарына ұсынды.

«Бұл тәсіл - әлемдік деңгейде қолданылады екен. Тек қана 10 жасқа дейінгі балалар. Себебі, 10 жасқа дейінгі балалардың сезімі, ішкі жан дүниесі, түйсігі ерекше болады. Одан кейін ол бітіп қалады. Одан кейін көзін жұмып салатын ешкімді байқамаппын. Интернетті ақтарып таппадым. Естімедім де», - дейді суретші Ренат Елубаев.

Айта кетейік, Ренат Елубаев – көптеген республикалық, халықаралық көрмелерге қатысушы. 2015 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен «New York Realism» fine art» халықаралық көрмесінде суретшіалтын медальмен марапатталып, Беларусь мемлекетінде өткен «Куршинале-2015» халықаралық өнер олимпиадасында «Кескіндеме өнері» номинациясы бойынша Гран-при иеленген. Сонымен қатар олРесей, Италия, Армения сындытүрлі елдерде өткен халықаралық байқаулардың жүлдегері.

Суретші көпшілікті таңқалдырудан жалыққан емес. Себебі, ол бұған дейін режиссер болып, кино саласына біршама үлесін қосты. Ал, бейнелеу өнеріне осыдан 7 жыл бұрын бет бұрған. Сондай-ақ, әндер жазып музыка саласында да бағын сынап көрген. Тәуелшіл тұлға болашақта тағы да тосынсыйлар әзірлемек.