Бас прокуратураның алқа отырысы өтті

Бас прокуратураның алқа отырысы өтті

Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың төралығымен Бас прокуратураның алғашқы жартыжылдық жұмысын қорытындылау жиыны өтті.

Прокурорлар биылғы жылдың алғашқы алты айында 3 млн азаматтың құқығын қорғаған. Бас прокуратураның наразылығы нәтижесінде Жоғарғы Сот 269 сот үкіміне өзгеріс енгізіп, нәтижесінде 12 адам ақталды. Оның үшеуі 1-ден 7 жылға дейін сотталғандар. Сотталған 223 азаматтың  жазасы жеңілдеді.  

Қостанай облысында 10 мың бағбан қауымдастығы және өндірістік кооператив мүшелері үшін электр тарифі 24-тен19 теңгеге төмендетілді.

Прокурорлық қадағалауымен коммуналдық қызмет тарифтері еліміздің 6 аумағында төмендетіліп, нәтижесінде тұтынушыларға 7 млрд теңге залалдың орны толтырылды.

Еңбекақы бойынша жарты миллиард теңге көлеміндегі қарыздар өтелді, 45 мың азаматтың құқығы қорғалды.

Қарулы күштердегі қылмыс 28%-ға, әкімшілік құқықбұзу 45%-ға, әскердегі өлім 24%-ға, жарақаттану 16%-ға төмендеген.

Қылмыстардың 260 құрамы бойынша қоғамдық жұмыс пен бас бостандығынан шектеу енгізуде. Айыппұл көлемі төмендетілді, 36 құрам бойынша бас бостандығынан шектеу мерзімі азайтылды. Ауыр қылмыстар бойынша жауапқа тартудың ескіру мерзімі 5 жылға қысқартылды. Осы шаралар нәтижесінде 5 мың адам бостандыққа шығуы мүмкін.

Ақпарат Қазақ радиосының «Өз сөзім» хабарында айтылды.