Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Telegram-бот арқылы дәрігер қабылдауына жазылуға болады

Telegram-бот арқылы дәрігер қабылдауына жазылуға болады
@ЕGov.kz порталы Telegram-бот арқылы жаңа үш қызметті ұсынады, деп мәлімдеді «Ұлттық ақпарат технологиялары» АҚ баспасөз қызметі.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ @EgovKzBot Telegram-ботында Денсаулық сақтау министрлігінің үш қызметінің іске қосылғанын хабарлайды.

Енді Telegram көмегімен азаматтар келесі қызметтерді сұрай алады:

  • Емханаға тіркелу;
  • Дәрігер қабылдауына жазылу;
  • Дәрігерді үйге шақыру.

Қызметтерге қол жеткізу үшін «Мобильдік азаматтар базасына» тіркелу, яғни @EGov.kz порталындағы жеке кабинетке телефон нөміріңізді жазу қажет. Сосын өз гаджетіңіздегі Telegram мессенджерінде ботты іске қоссаңыз жетіп жатыр.


Бот көмегімен келесі қызмет түрлері де ұсынылады:


Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманы алу;
Әлеуметтік мәртебені тексеру;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпарат алу;

Естеріңізге салсақ, 21 мамырда «ҰАТ» АҚ Басқарма Төрағасы Әсет Тұрысов 4 ең танымал қызметтерді (мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүлік туралы анықтама, сотталмағаны туралы анықтама, жеке тұлғаның заңды тұлғаларға қатысы туралы анықтама) жеңілдетілген түрде алуға мүмкіндік беретін Telegram-боттың іске қосылғанын хабарлаған.

@EgovKzBot көмегімен қызметтерді пайдалану кезінде туындаған сұрақтарды тәулік бойы тегін кеңес беретін 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жолдауға болады.


Дереккөз: egov.kz