Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Су басқан аймақтарға көмек ретінде өңірлерде «Күшіміз – бірлікте» акциясы өткізіліп жатыр

Су басқан аймақтарға көмек ретінде өңірлерде «Күшіміз – бірлікте» акциясы өткізіліп жатыр

Атыраулықтар судан зардап шеккен өңірлерге жылу жинай бастады. Елдегі жағдайға бей-жай қарамаған жастар «Күшіміз – бірлікте» акциясын қолға алды.

Қазір тұрмысқа қажетті 60 тоннаға жуық зат жиналған. Игі іске жеке кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдар да атсалысып жатыр. Қазір гуманитарлық көмек Атырау қаласы Студенттер даңғылы-29 мекен-жайы бойынша қабылданып жатыр. 1-2 күнде Қостанай және Ақтөбе облыстарына жөнелтілмек.

Табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созуға Түркістан облысының жұртшылығы да үлесін қосуда. Аймақта қоғам белсенділері мен волонтерлер тобы құрылып, гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Ал облыстық жастар орталығында арнайы штаб құрылып, оған өңірдің барлық аудан-қалаларынан азық-түлік және қажетті заттар әкелуде. Қабылдау пунктіне жолға жарамды тағамдар мен киім-кешектер жинақталып жатыр. Күні бүгін Ақтөбе облысына жәрдемнің алғашқы легі жеткізілді. Ал негізгі көмек тиелген жүк көлігі бүгін жолға шығады.


Фото: sputnik.kz