Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматылық студенттер жер сілкінісі кезінде үрейсіз іс-әрекет жасауды үйрететін симулятор жасады

Алматылық студенттер жер сілкінісі кезінде үрейсіз іс-әрекет жасауды үйрететін симулятор жасады

Қаныш Сәтбаев атындағы университет студенттері Төтенше жағдайлар департаментіне 7 балға дейінгі көлденең және тік жер сілкінісін имитациялайтын мобильді жер сілкінісі симуляторын әзірледі.

Әзірленген мобильді тренажер жер тербелісін шынайы түрде орнатып халыққа жер сілкінісі кезіндегі үрейсіз, нақты дұрыс іс-әрекеттерге жасауды үйретеді.

«Көлденең және тік жер тербелісінде кезінде қандай іс-қимылмен ден қоюға болады. Ғимарат қисайған кезде адам кеңістіктегі бағдарын абдырап қалып, не істерін білмей қалады. Қиын жағдайда өзіңізге және жақындарыңызға көмектесу үшін бұл құбылысты өзіңіз сезінуіңіз қажет», - деді Алматы қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Симулятор Төтенше жағдайлар департаментінің қалалық оқыту курстарында және Алматы қаласы бойынша көшпелі сабақтарда қолданылатын болады. Осылайша халыққа төтенше жағдайдағы мінез-құлық дағдыларын машықтайды.

Айта кетейік, жер сілкінісі тренажері Төтенше жағдайлар департаментіне тегін берілді.



Фото: gov.kz