Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Бірлік күні қарсаңында алғаш рет 10 республикалық телеарнадан телемарафоны өтеді

Бірлік күні қарсаңында алғаш рет 10 республикалық телеарнадан телемарафоны өтеді

Бірлік күні қарсаңында алғаш рет 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді.

Телемарафонның басты кейіпкерлері –  табиғи апат кезеңінде батылдық танытып, өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар.

Олардың қатарында құтқарушылар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, еріктілер, кәсіпкерлер мен сын сағатта жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін танытқан ел тұрғындары бар.

 «Qazaqstan», «Хабар», «Jibek Joly», «Еуразия бірінші арнасы», «КТК», «31 арна», «Atameken Business», «Astana TV», «7 арна» және «Almaty TV» телеарналарының 5 сағаттық тікелей эфирінде тасқын басқан аумақты көзбен көріп, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарының жан тебірентер оқиғалары, табиғи апат аймақтарынан репортаждар беріледі.

Сондай-ақ телемарафонда ресми орган өкілдері өңірлердегі апат салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары мен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды қалпына келтіру, материалдық шығындарды өтеу жөніндегі мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы есеп береді.

«Біз біргеміз» телемарафонында Қазақстанның 8 өңірінен: Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Жамбыл облыстарынан тікелей қосылым ұйымдастырылады.

Шараның онлайн трансляциясы 10 телеарнаның ресми сайттарында, Facebook және YouTube желілерінде жүргізіледі. 

📆 Өтетін күні: 30 сәуір 2024 жыл

⏰️ Өтетін уақыты: 17:00 – 22:00