«Астана» радиосы - бас қаланың басты радиосы!

«Астана» радиосы – ақпаратты-музыкалық радиостанция. Ең алғаш 1999 жылы 19 қаңтарда  101.4 FM толқынында эфирге шықты. Осы уақыттан бастап, радио қызметкерлері «Ең таңдаулысы сен үшін» деген ұранмен қызмет атқаруда.  Эфирдегі жалпы уақыты – 19 сағат.
 
2003 жылдың 1 ақпанынан бастап, «Астана» радиосы өзінің эфирлік форматын жаңартып, заман талабына сай, сандық құрылғылармен жұмыс істейді. Хабарлардың 60 пайызы қазақ тілінде, 40 пайызы орыс тілінде шығарылады. Сонымен қатар, радионы интернет желісі арқылы тыңдауға болады - http://astanafm.kz. «Астана» радиосының сайты http://astanafm.kz 2013 жылдың 22 наурызында ашылды. 2013 жылдың 20 қарашасынан видеотрансляция басталды.
 
2009 жылы 19 қаңтарда «Астана» радиосы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті.
 
Радио 1999 және 2003 жылдардағы ең үздік ақпаратты топтамасы үшін «Алтын Жұлдыз» жүлдесін жеңіп алып, 2006 жылы «Үздік радио» атағына ие болды.