Астана - 101,4FM

Ақсұңқар

Ақсұңқар

халық әні

Жебесі шын күмістен садағымның,

Әдеті осылай ма еді,базарлымның .

Несіне сөйлер сөзден іркілейін,

Тұсына кез келген соң ажарлымның.

Қайырмасы:

Ақсұңқар неге қонбайсың,

Дариға-ау, жайған торға.

Қарағым, айналайын, қасың керік,

Мал болсаң алар едім бәсің беріп.

Мен саған басыбайлы бол демеймін,

Жүрсеңші азғантай күн қасыма еріп.

Қайырмасы:

Құдаша құрамын тор жолыңызға,

Ақ құс боп қонар болсаң қолымызға.

Ақ құстың бәрі бірдей бола бермес,

Қонбасын құладан құс сорымызға.

Қайырмасы: