Астана - 101,4FM

Мәдениет жаңалықтары

Мәдениет жаңалықтары

"Астана" радиосының жаңа жобасы - "Жаңа" хабарында аптаның мәдениет жаңалықтарына шолу жасалды.

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алтыншы шақырылымдағы Парламенттің VI сессиясын ашып, артынша Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. 
  • Қазақстан Президенті Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады.
  • ҚР Ұлттық музейі 1 қыркүйектен бастап келушілерді қабылдай бастады. 
  • ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан ҰҒА академигі, профессор Нұрлан Жұмағұлұлын еске алуға арналған көрме ашылды.  
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы карантиннен кейін оқырмандарды қабылдай бастайды. Ал балалар кітапханасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Асыл сөзді іздесең...» атты on-line марафон жариялады
  • Театр және кино саласының майталманы Талғат Теменов «Достастық жұлдыздары» Мемлекетаралық сыйлығына ие болды. 
  • Елордадағы Қазақ театрының ұжымы жаңа ғимараттың алаңына 85 түп ағаш отырғызды.

Осы және өзге де мәдениет жаңалықтарын аудионұсқадан тыңдай аласыздар. 

Хабардың жүргізушісі: Айсәуле Бейсенхан.